Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Карашілік ауылының аумағында ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 4268 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының міндетін атқарушы 2017 жылғы 9 маусымдағы № 16-11/113 ұсынысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақбұлақ ауылдық округі Карашілік ауылының аумағында ірі қара мал табына бруцеллез шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 17 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданның Ақбұлақ ауылдық округі Карашілік ауылының аумағында ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын белгілеу туралы" Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің шешімінің (2017 жылғы 4 қаңтардағы № 3992 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада № 44 "Кішкенекөл таңы" және "Кызылту" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданның
      Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі М.С.Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады