"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Семипол ауылдық округінің Балуан ауылы және Астаған ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің тиісті бағыттағы орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген сәттен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Сағдиев |