Шал ақын ауданы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 ақпанда N 3626 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 05.04.2016 N 9 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Семипол ауылдық округінің Балуан ауылы және Астаған ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің тиісті бағыттағы орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген сәттен қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады