Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың VІ сессиясының төрағасы |
Х. Жамалов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Кенғанов |
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 шешіміне қосымша |
Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 16.05.2019 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атаулары | Есептік бірлік |
Бағасы, теңгемен |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 178 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 196 |
3 | Мекемелер, ұйымдар, офистер | 1 қызметкер | 138,72 |
4 | Жинақ банктері | 1 қызметкер | 129,48 |
5 | Байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 184,97 |
6 | Емханалар | 1 кепіл кету | 18,50 |
7 | Ауруханалар,өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 120,23 |
8 | Санаторийлер | 1 орын | 184,97 |
9 | Дәріханалар | 1 текше метр | 36,99 |
10 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 166,47 |
11 | Интернаттар | 1 орын | 110,98 |
12 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 120,23 |
13 | Азық-түлік дүкендері | 1 текше метр | 221,96 |
14 | Супермаркеттер | 1 текше метр | 92,48 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | 1 текше метр | 110,98 |
16 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары | 1 машина-орын | 77,69 |
17 | Автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 77,69 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 157,22 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 55,49 |
20 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары,тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | 1 текше метр | 42,54 |
21 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 7,40 |
22 | Мұражайлар, көрмелер | 1 текше метр | 92,48 |
23 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | 1 текше метр | 73,99 |
24 | Моншалар, сауналар | 1 текше метр | 212,71 |
25 | Мейрамханалар,дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 221,96 |
26 | Қонақ үйлер | 1 орын | 147,97 |
27 | Жатақханалар | 1 орын | 295,95 |
28 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 48,09 |
29 | Спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 55,49 |
30 | Спорт, би және ойын залдары | 1 текше метр | 92,48 |
31 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | 1 текше метр | 64,74 |
32 | Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | 1 текше метр | 3,69 |
33 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | 1 текше метр | 3,69 |