Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 "Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 35-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 мамырда № 4401 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 4-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 "Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Емханалар

1 келіп кету

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Санаторийлер

1 орын

      ";

      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

25

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

      ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

28

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

      ".

      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой аудандық мәслихатының
кезектен тыс XXXV
сессиясының төрағасы
М. Кабиденов
      Жылыой аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады