Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Қ. Мыңбаев |
Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 4-4 шешіміне 1 қосымша |
Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,55 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,4 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 0,8 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,17 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,5 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,74 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,14 |
7 | Ауруханалар, емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,1 |
8 | Мектептер және колледждер, өнер мектептері, лицейлер, оқу орталықтары | 1 оқушы | 0,26 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,4 |
10 | Театрлар, кино театрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,27 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,01 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
14 |
Азық-түлік, өнер кәсіптік-тауар дүкендері, супермаркеттер, | Сауда алаңы 1 м2 | 0,76 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,09 |
16 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
17 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
18 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,64 |
19 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
20 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,3 |
21 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,4 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,3 |
23 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 1,3 |
24 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1 |
25 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
26 | Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,29 |
27 | Кілт жасау орталығы, ұялы телефон жөндеу шеберханасы, көшірме орталықтары | 1 жұмыс орны | 0,3 |
28 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,7 |
29 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,015 |
30 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | -- |
Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 4-4 шешіміне 2 қосымша |
Жылыой аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:
1. Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-2 "Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 болып тіркелген) шешімі;
2. Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 "Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген) шешімі;
3. Жылыой ауданды мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 14-4 "Жылыой ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3957 болып тіркелген) шешімі;
4. Жылыой ауданы мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 35-2 "Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-2 "Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4402 болып тіркелген) шешімі;
5. Жылыой аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 35-3 "Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 "Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4401 болып тіркелген) шешімі.