Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 наурызда № 3468 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. Тулеуішовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "12" ақпандағы № 28 қаулысына 1 қосымша
  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "12" ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген

Мақат ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

     


  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "12" ақпандағы № 28 қаулысына 2 қосымша
  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "12" ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген

Мақат ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Мақат ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және Мақат ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

      2. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.

      3. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi.

      Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.

      4. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тасымалдаушы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелері, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екi және одан артық автобустардың лектерiне жол-патрульдік полициясының арнайы автокөлiк құралдарының ерiп жүруi туралы мәселенi шешу бойынша шаралар қабылдау үшiн хабардар етедi.

      5. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

      6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есігі болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізімінде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгімен;

      2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемінде екі литр болатын оңай алынатын өрт сөндіргіштермен (біреуі – жүргізушінің кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екі жылжуға қарсы тіректермен;

      6) авариялық тоқтау белгісімен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесінде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық кестемен жабдықталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.06.2023 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      7. Балалардың топтарын көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.

      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауы қажет.

      8. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

      9. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

      10. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.

      11. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      12. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 м қашықтықта орналасуы тиiс.

      13. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.

      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде бес жыл болуы тиiс.

      14. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

3. Қорытынды ереже

      15. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района

Постановление Макатского районного акимата Атырауской области от 12 февраля 2016 года № 28. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 2 марта 2016 года № 3468

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить схему и Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района согласно приложениям 1, 2 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Тулеушова Х.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Сарсенгалиев

  Приложение 1 к постановлению акимата района № 28 от "12" февраля 2016 года
  Утверждено постановлением акимата района № 28 от "12" февраля 2016 года

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района до общеобразовательных школ

     


  Приложение 2 к постановлению районного акимата от "12" февраля 2016 года № 28
  Утверждено постановлением районного акимата от "12" февраля 2016 года № 28

Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района (далее – Правила) разработаны в соответствии c приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550) и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района.

2. Порядок перевозок детей

      2. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).

      3. К перевозкам организованных групп детей допускаются дети не младше семи лет.

      Дети, не достигшие семилетнего возраста, могут быть допущены к поездке только при индивидуальном сопровождении работниками учреждения образования, а также родителями и лицами, их заменяющими.

      4. При осуществлении массовых перевозок детей перевозчик уведомляет территориальное подразделение Комитета административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан для принятия мер по усилению надзора за движением на маршруте и решения вопроса о сопровождении колонн из двух и более автобусов специальными автомобилями дорожно-патрульной полиции.

      5. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям Законодательства Республики Казахстан.

      6. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и соответствуют пункту 1 приложения 25 к Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2021 года №ҚР ДСМ-5 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов" (зарегестрирован в Ресестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22066), а также оборудуются:

      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые устанавливаются спереди и сзади автобуса;

      2) проблесковым маячком желтого цвета;

      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один – в кабине водителя, другой – в пассажирском салоне автобуса);

      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными) с лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения согласно перечню лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9649);

      5) двумя противооткатными упорами;

      6) знаком аварийной остановки;

      7) при следовании в колонне – информационной табличкой, с указанием места автобуса в колонне, которая устанавливается на лобовом стекле автобуса справа по ходу движения.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления акимата Макатского района Атырауской области от 29.06.2023 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другие) не допускается.

      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.

      8. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.

      9. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.

      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.

      В осеннее-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.

      10. Заказчик во время перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.

      11. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.

      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.

      12. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия; наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 м от места стоянки автобуса.

      13. Для перевозки детей допускаются водители:

      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;

      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;

      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.

      Стаж работы водителя в организации, которая направляет его на перевозку детей, составляет не менее трех лет.

      Водители, назначаемые на перевозки детей автобусами вместимостью более 41 места, должны иметь стаж работы на автобусах не менее пяти лет.

      14. Водителю автобуса при перевозке детей не позволяется:

      1) следовать со скоростью более 60 км/час;

      2) изменять маршрут следования;

      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;

      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;

      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;

      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;

      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

3. Заключительное положение

      15. Отношения, не урегулироваемые настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.