"Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы"Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 99 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 5057-06 болып тіркелді

      Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 28 "Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 болып тіркелген) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      қөрсетілген қаулының 2-қосымшасының 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есігі болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізімінде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгімен;

      2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемінде екі литр болатын оңай алынатын өрт сөндіргіштермен (біреуі – жүргізушінің кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екі жылжуға қарсы тіректермен;

      6) авариялық тоқтау белгісімен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесінде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық кестемен жабдықталады".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат ауданының әкімі Р. Ибрагимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады