Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 22.12.2022 № 213-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 358 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3321 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) мемлекеттік тілдегі шешімнің атауындағы, 1 тармағындағы және қосымшасының атауындағы:
"пайда болу" деген сөздер "түзілу" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінің қосымшасының 9 жолындағы:
"посещение" деген сөз "человек" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі мәтінінің қосымшасының 12 жолындағы:
"орын" деген сөз "отырғызылатын орын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Р. Сұлтанияев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың VІ сессиясының төрағасы |
Б. Кенжебаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жүгінісов |