Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 213-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31394 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жугинисов

  Құрманғазы аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
22 желтоқсандағы № 213-VII
шешіміне 1 қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы және
жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,58
1,82

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,50

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,80

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,42

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,60

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,09

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,46

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,36

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,80

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,24

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,07

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,53

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,46

16

Өнеркәсіптік тауарларының көтерме сауда базылары және азық-түлік қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,08

17

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,55

18

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,36

19

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанар- жағар май құю бекеті

1 машина-орын

3,21

20

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

4,40

21

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,50

22

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,48

23

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,45

24

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,36

  Құрманғазы аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
22 желтоқсандағы № 213-VII
шешіміне 2 қосымша

Құрманғазы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Құрманғазы аудандық мәслихатының "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3321 болып тіркелген);

      2) Құрманғазы аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 71-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3647 болып тіркелген);

      3) Құрманғазы аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 436-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 11 қазандағы № 448-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4508 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады