1. Кентау қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі және Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
1) 616,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарнақ ауылы, Қарнақ елді мекенінің жалпы ауданы 1971,03 гектар;
2) 56,57 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Хантағы ауылы, Хантағы елді мекенінің жалпы ауданы 306,69 гектар;
3) 27,48 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Байылдыр ауылы, Байылдыр елді мекенінің жалпы ауданы 107,36 гектар;
4) 219,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ащысай ауылы, Ащысай елді мекенінің жалпы ауданы 293,06 гектар.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С.Абдрахманов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Т.Балабиев |