Кентау қаласы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 168 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 маусымдағы № 19 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 шілдеде № 3810 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі және Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
      1) 616,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарнақ ауылы, Қарнақ елді мекенінің жалпы ауданы 1971,03 гектар;
      2) 56,57 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Хантағы ауылы, Хантағы елді мекенінің жалпы ауданы 306,69 гектар;
      3) 27,48 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Байылдыр ауылы, Байылдыр елді мекенінің жалпы ауданы 107,36 гектар;
      4) 219,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ащысай ауылы, Ащысай елді мекенінің жалпы ауданы 293,06 гектар.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ә.Мақұлбаев
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Абдрахманов
      Қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады