"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 02-03/138 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа ауыл ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-фараби көшесінің тұрғыны Ә.Парменқуловтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Әл-фараби көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын ауыл округі әкімінің орынбасары К.Жумашевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңа ауыл | |
ауыл округі әкімі: | А.Пошаев |