Жаңа ауыл ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-фараби көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жаңа ауыл ауыл округi әкiмiнiң 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 21 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 5 мамырда № 3739 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жаңа ауыл ауылдық округi әкiмiнiң 2016 жылғы 7 маусымдағы № 47 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жаңа ауыл ауылдық округi әкiмiнiң 07.06.2016 № 47 шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 02-03/138 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңа ауыл ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-фараби көшесінің тұрғыны Ә.Парменқуловтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Әл-фараби көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын ауыл округі әкімінің орынбасары К.Жумашевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жаңа ауыл
      ауыл округі әкімі: А.Пошаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады