Отырар ауданының Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтері аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 7 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 3760 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің 01.08.2016 № 9 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде, Отырар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
      1) осы шешімнің Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы шешімнің Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Айтаханов

Об объявлении на территории сельских округов Отырар, Шаульдер, Талапты, Маякум, Тимур, Коксарай, Когам, Каргалы Отырарского района чрезвычайного положения природного характера

Решение акима Отрарского района Южно-Казахстанской области от 15 июня 2016 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 17 июня 2016 года № 3760. Утратило силу решением акима Отырарского района Южно-Казахстанской области от 1 августа 2016 года № 9

      Сноска. Утратило силу решением акима Отырарского района Южно-Казахстанской области от 01.08.2016 № 9.
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 48 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", с постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола № 4 заседания комиссии Отырарского района по предупреждению и ликвидации последствии чрезвычайных ситуации от 15 июня 2016 года аким Отырарского района РЕШИЛ:
      1. Объявить на территории сельского округов Отырар, Шаульдер, Талапты, Маякум, Тимур, Коксарай, Когам, Каргалы Отырарского района чрезвычайное положение природного характера.
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Отырарского района" в порядке, установленными законодательными актами Республики Казахстан обеспечить:
      1) официальное опубликование настоящего решения в периодическом печатном издании, распространяемом на территории Отырарского района и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Отырарского района.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителья акима Отырарского района А.Жунисова.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким района Е.Айтаханов