"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде, Отырар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы шешімнің Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Айтаханов |