Отырар ауданы әкімінің 15 маусым 2016 жылғы № 7 "Отырар ауданының Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтері аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 9 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Отырар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 маусымдағы "Отырар, Шәуілдір, Талапты, Маяқұм, Темір, Көксарай, Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің аумақтарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3760 тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымдағы "Отырар алқабы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.
      Аудан әкімі Е.Айтаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады