Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларөткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 52-370/V шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 18 наурызда № 3650 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 27-180/VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 19.04.2018 № 27-180/VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42-280/V "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 мамырда № 3172 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Беркінбаев
      Аудандық мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы И.Курбанов

  Сайрам аудандық мәслихатының
2016 жылғы 3 наурыздағы
№ 52-370/V шешімімен
бекітілген

Сайрам ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң) 10 бабына сәйкес әзірленіп, Сайрам ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
      2. Заңдарда жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы Сайрам ауданының әкімдігіне өтiнiш берiледi.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.
      Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Сайрам ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      5. Сайрам ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4 тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз – процедуралық талаптар жөнінде), ол өткізуден бас тартуға және бас тарту мазмұнында жауап қайтаруға негіз бола алмайды.
      Мұндай жағдайда Сайрам ауданының әкімдігі жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      7. Митинг, шеру, пикет және демонстрациялар өткізу бойынша белгіленген тәртіппен берілген барлық өтініштерді қарау шеңберінде Сайрам ауданының әкімдігімен оларды ұйымдастырушыларға талқылау және көтерілген мәселелерді қарау үшін баламалы алаңшаларды, яғни шараны өткізетін басқа уақыт пен басқа орынды ұсынылуы мүмкін.
      8. Митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден жергілікті атқарушы орган бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім қабылданғанда, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тез арада тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар етуге міндетті.
      Шешiмге қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
      Ұйымдастырушылар өз еркімен дайындық шараларын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда (ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінің жалғасқан жағдайларды қоса алғанда) әкімдік қалыптасқан жағдайларды және ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өз ресми интернет сайтында рұқсат етілмеген акцияларда қатысу жауапкершілігін ескере отырып, митинг жүргізуге бас тарту туралы, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар тарапынан заңсыз митингтерге және сондай сияқты іс-шараларға шақырулар орналасқан барлық ресурстарда ақпаратты орналастыру тиісті.
      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) Сайрам ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      6) митингілер, шерулер, пикетер және демонстарцияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына;
      7) алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып жүруге;
      8) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің ар-намысына тиетін немесе әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын кемсітетін транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) дайындауға және қолдануға;
      9) митингі, шеру, пикет және демонстарция өтетін орында: алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға тыйым салынады.
      10) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады
      Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) көзделген нормаларды бұзған жағдайда заңдабелгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      12. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ азаматтар осы Заңмен белгiленген тәртiптi сақтап өткiзiлетiн жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға кедергi жасауға құқылы емес.
      13. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Сайрам ауданының әкімдігі бұларды өткiзуге тыйым салады.
      Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      14. Сайрам ауданында жиналыстар, митингілер өткізу орны болып Ақсу ауылының Орталық саябақ аумағындағы алаң (Абылайхан көшесі) "Қайрат" спорт кешені (Жандарбеков көшесі), Қарабұлақ аулындағы Тәуелсіздік алаңы (Т.Рустемов көшесі) және Қарамұрт ауылының Мухитдинов көшесі бойындағы алаң белгіленсін.
      15. Сайрам ауданының әкімдігімен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, сонымен қатар мобильды бейне жазба кешендерімен, орындықтармен, жарықпен және күл–қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.
      Сайрам ауданының әкімдігі бұл аумақтардың жиналуын және тазалығын қамтамасыз ету міндетті.
      16. Сайрам ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары болып Сайрам ауданы Ақсу ауылы Абылайхан көшесінің Жібек жолы қиылысынан Манкент темір жол стансасы аралығы белгіленсін.
      17. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар қышқыруға рұқсат етіледі.
      18. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерту белгіленген тәртіппен Сайрам ауданы әкімдігінен рұқсат алу талап етіледі.
      19. Сайрам ауданының әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.
      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.
      20. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде осы Заңның 4, 5 және 7-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Сайрам ауданының әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
      Сайрам ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
      Жиналыстар, митинг, шерулер, пикет және демонстрациялар кезіндегі күштер жолын кесу немесе әкімшілік істі қозғау туралы мәселесі акция мақсатына байланысты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке елеулі түрде ықпал етуі мүмкін немесе әсер еткен жағдай болған кезде ғана қойылады, сондай-ақ бір немесе мына жағдайларда:
      1) бұзушылық анық және өрескел болып табылған жағдайда;
      2) әкімшілік жауапкершілікке тарту профилактикалық әсерге әкеліп соғатынына жоғары мүмкіндік болған кезде;
      3) ұйымдастырушы болып табылатын тұлға жоғары тәуекелге алып келеді және де оған әкімшілік қамау қолдануды талап етеді.
      Басқа жағдайларда жиналыстар, митинг, шерулер, пикет және демонстрация кезінде күштер жолын кесуден және жауапкершілікке тартуды барынша бас тарту, жағдайдың мониторингімен шектеліп және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      21. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.
      22. Жиналыстар мен митингiлердi ұйымдастырудың және өткiзудiң Заңмен белгiленген тәртiбi еңбек ұжымдарының және қоғамдық бiрлестiктердiң заңдарға, өздерiнiң жарғылары мен ережелерiне сәйкес жабық үй-жайларда өткiзiлетiн жиналыстарына қолданылмайды.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 3 марта 2016 года № 52-370/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 18 марта 2016 года № 3650. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 19 апреля 2018 года № 27-180/VI

      Сноска. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 19.04.2018 № 27-180/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствий со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О поpядке оpганизации и пpоведения миpных собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций в Республике Казахстан", Сайрамский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сайрамском районе согласно приложению к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Сайрамского районного маслихата от 26 марта 2015 года № 42-280/V "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3172 от 6 мая 2015 года, опубликовано 22 мая 2015 года в газетах "Мәртөбе" и "Пульс Сайрама").
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е.Беркинбаев
      Временно исполняющий обязанности
      секретаря районного маслихата И.Курбанов

  Утвержден решением
Сайрамского районного
маслихата № 52-370/V
от 3 марта 2016 года

Порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сайрамском районе

1. Общие правила

      1. Настоящий порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, разработан в соответствий со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О поpядке оpганизации и пpоведения миpных собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций в Республике Казахстан" (далее – Закон) и дополнительно регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сайрамском районе.
      2. Формами выражения общественных, групповых или личных интересов и протеста, именуемых в законодательстве собраниями, митингами, шествиями и демонстрациями, следует понимать также голодовку в общественных местах, возведение юрт, палаток, иных сооружений и пикетирование.

2.Порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      3. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в акимат Сайрамского района.
      Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.
      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения.
      В заявлении указывается цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акимате Сайрамского района.
      5. Акимат Сайрамского района рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.
      6. В случае не соблюдения требования пункта 4 настоящего порядка при подаче заявления о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (речь идет о процедурных требованиях) оно не может являться основанием для отказа в проведении и дачи ответа отказного характера.
      В таких случаях акиматом Сайрамского района дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.
      7. Акиматом Сайрамского района по всем поданным в установленном порядке заявлениям о проведении митинга, шествия, пикетам и демонстрациям в рамках их рассмотрения организаторам для обсуждения и рассмотрения поднимаемых вопросов могут предлагаться альтернативные площадки, то есть иное время и место проведения мероприятий.
      8. В случаях, когда получен отказ местного исполнительного органа в разрешении митинга, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, организаторы обязаны незамедлительно принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.
      Решение может быть обжаловано в порядке, установленном действующим законодательством.
      В случае, когда организаторы не принимают самостоятельные меры по отмене подготовительных мероприятий (включая случаи продолжения организационных действий), акимату исходя из складывающихся ситуации и с учетом потенциальных рисков следует разместить информацию об отказе в разрешении митинга с предупреждением об ответственности за участие в несанкционированной акции на своем официальном интернет сайте, а также по возможности во всех ресурсах, где организаторами размещались или размещаются призывы, приглашения на незаконный митинг и тому подобное.
      9. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.
      10. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций, уполномоченные (организаторы), а также иные участники должны соблюдать общественный порядок.
      11. Организаторам и участникам мероприятий не допускается:
      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;
      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;
      3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с акиматом Сайрамского района;
      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;
      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;
      6) участие в митинге, шествии, пикете и демонстрации лиц, находящихся в состоянии алкогольного или наркотического опьянения;
      7) проносить алкогольную продукцию, продукцию в металлической, стеклянной таре, пиротехнические изделия и иные предметы, использование которых может представлять угрозу жизни и здоровью людей либо причинить материальный ущерб физическим либо юридическим лицам;
      8) подготавливать и использовать транспаранты, лозунги и иные материалы (визуальные, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, оскорбления в адрес кого бы то ни было или направленных на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, а равно ущемляющие права физических либо юридических лиц;
      9) в местах провидения митинга, шествий, пикете и демонстрации запрещается: распивать алкогольные напитки, употреблять наркотические средства, психотропные вещества, их аналоги и прекурсоры;
      10) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий.
      В случае нарушения предусмотренных норм, уполномоченные (организаторы) несут ответственность в порядке установленном законодательством.
      12. Государственные органы, общественные объединения, а также граждане, не вправе препятствовать собраниям, митингам, шествиям, пикетам и демонстрациям, проводимым с соблюдением порядка, установленного Законом.
      13. Акимат Сайрамского района запрещает проведение собраний, митинга, шествий, пикетирований или демонстраций, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.
      Не допускается проведение массовых мероприятий на объектах железнодорожного, водного и воздушного транспорта, а также у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (городской общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), и учреждений здравоохранения и образования.
      14. Местом проведения собраний, митингов в Сайрамском районе определить: площадь на территории Центрального парка (улица Абылайхана), спорткомплекс "Кайрат" (улица Жандарбекова) села Аксу, пощадь Независимости (улица Рустемова) села Карабулак и площадь вдоль улицы Мухитдинова села Карамурт.
      15. Места, определенные акиматом Сайрамского района для проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций оснащаются камерами видеонаблюдения, в том числе мобильными комплексами видеофиксации, скамейками, освещением и урнами для мусора.
      Акимат Сайрамского района должен обеспечить уборку и очистку этих территории.
      16. Местом проведения шествий и демонстраций в Сайрамском районе определить следующие маршруты: улица Абылайхана между пересечением улицы Жибек жолы и железнодорожной станции Манкент.
      17. При пикетировании разрешается:
      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;
      2) использовать средства наглядной агитации;
      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.
      18. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) требуется получение в установленном порядке разрешение акимата Сайрамского района.
      19. Акимат Сайрамского района может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же объекте не более 3 одиночных пикетов.
      Участники различных одиночных пикетов должны располагаться относительно друг друга на расстоянии не менее 50 метров или быть в пределах прямой видимости.
      20. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя акимата Сайрамского района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, предусмотренный статьями 4, 5 и 7 Закона, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.
      В случае отказа от выполнения законных требований представителя акимата Сайрамского района по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.
      Вопрос о силовом пресечении собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации или возбуждении административного дела должен ставиться только при крайней необходимости, когда характер акции серьезным образом может повлиять или повлиял на общественный порядок и безопасность, а также при наличии одного или нескольких следующих обстоятельств:
      1) нарушение является явным и грубым;
      2) есть высокая вероятность того, что привлечение к административной ответственности возымеет профилактический эффект;
      3) лицо, являющееся организатором, представляет высокий риск и к нему требуется применение административного ареста;
      В остальных случаях необходимо максимально воздержаться от силового пресечения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации и привлечения к ответственности, ограничиваясь мониторингом ситуации и проведением разъяснительной работы.

3.Ответственность за нарушения порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      21. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законодательством порядке.
      Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.
      22. Порядок организации и проведения собраний и митингов, установленный Законом, не распространяется на собрания и митинги трудовых коллективов и общественных объединений, проводимые в соответствии с законодательством, их уставами и положениями в закрытых помещениях.