Жиналыстар, митингілер, шерулер пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42-280/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 мамырда № 3172 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздғы № 52-370/V шешiмiмен.

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 52-370/V шешiмiмен
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл-желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А.Бурбеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Сүлейменов

  Сайрам аудандық мәслихатының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 42-280/V шешімімен бекітілген

Сайрам ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Сайрам ауданының аумағында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу Сайрам ауданы әкімдігіне өтiнiш берiледi.
      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Сайрам ауданы әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      5. Сайрам ауданы әкімдігіне басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерi ұсынады.
      6. Аудан әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
      7. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.

3. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудегі жауапкершілік

      8. Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) осы тәртіпте көзделген нормаларды бұзғаны үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      9. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады