Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4580, 2016 жылғы 2 шілдедегі № 80 (17320) "Дидар", 2016 жылғы 2 шілдедегі № 81 (19833) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы | |
әкімінің міндетін атқарушы | Н. Сақтағанов |