РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1 - тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 - 2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "20" мамырдағы № 150 қаулысына қосымша |