"Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/84-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 4828 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 40/462-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17.07.2020 № 40/462-VI шешімімен (05.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары;

      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Шаймарданов
      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2016 жылғы
9 желтоқсандағы № 8/84-VI
шешіміне 1 қосымша

"Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық мәслихат аппараты) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді. 

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын құжат болып табылады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне облыстық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      5. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің сейфінде сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес өкім шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

      7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.

      9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

      11. Облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

  "Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлік беру
қағидаларына
қосымша

      Үлгі

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

   №

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Жарамдылық мерзімі

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе











      Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2016 жылғы
9 желтоқсандағы № 8/84-VI
шешіміне 2 қосымша

"Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы қызметтік куәлігінің сипаттамасына 1-қосымшаға сәйкес үлгіде "КУӘЛІК" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі, "Государственное учреждение "АППАРАТ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА", одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), облыстық мәслихат хатшысының қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  "Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына 1-қосымша

Куәлік мұқабасы



  "Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына 2-қосымша

Куәліктің ішкі бөлігі



Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата" и его описания

Решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 9 декабря 2016 года № 8/84-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 16 января 2017 года № 4828. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 17 июля 2020 года № 40/462-VI

      Сноска. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 17.07.2020 № 40/462-VI (вводится в действие с 05.06.2020 и подлежит официальному опубликованию).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Восточно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить:

      1) правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата" согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата" согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Шаймарданов
      Секретарь Восточно-Казахстанского областного маслихата В. Головатюк

  Приложение 1 к решению
Восточно-Казахстанского
областного маслихата
от 9 декабря 2016 года
№ 8/84-VI

Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата" (далее - Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата" (далее – аппарат областного маслихата).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим занимаемую государственным служащим должность.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      3. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря областного маслихата государственным служащим аппарата областного маслихата.

      4. Служебные удостоверения выдаются государственным служащим на три года при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порче ранее выданного удостоверения.

      За полученное служебное удостоверение государственные служащие расписываются в журнале учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственных служащих аппарата областного маслихата (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе отдела организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата.

      6. При увольнении, изменении должности, государственные служащие в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения сдают служебные удостоверения по месту его получения.

      7. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении, изменении должности, по истечении срока действия, либо порче, один раз в год подлежат уничтожению сотрудниками отдела организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

      При увольнении государственного служащего на обходном листе после сдачи служебного удостоверения ставится подпись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      8. При замене служебного удостоверения по истечении срока действия, в случае порчи ранее выданного удостоверения (предусмотренного пунктом 4 настоящих Правил), ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником отдела организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

      9. В случае утраты служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме отдел организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата и подает объявление в местные средства массовой информации о недействительности утерянного служебного удостоверения.

      10. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи его другим лицам или использования служебного удостоверения не по назначению, отдел организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата в установленном порядке рассматривает вопрос привлечения виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      11. Ежегодно, по состоянию на 1 января, отделом организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата проводится сверка служебных удостоверений их учетным данным.

      12. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель отдела организационной и кадровой работы аппарата областного маслихата.

  Приложение
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
государственного учреждения
"Аппарат
Восточно-Казахстанского
областного маслихата"

      Форма

Журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственным служащим

  №

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Срок действия

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание











      Примечание: журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственным служащим прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется печатью государственного учреждения.

  Приложение 2 к решению
Восточно-Казахстанского
областного маслихата
от 9 декабря 2016 года
№ 8/84-VI

Описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Восточно-Казахстанского областного маслихата"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества темно-синего цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне удостоверения (в свернутом состоянии) по центру расположено изображение Государственного герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК" по образцу, согласно приложению 1 к настоящему описанию служебного удостоверения.

      3. Левая и правая внутренняя часть удостоверения: на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі, "Государственное учреждение "АППАРАТ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА", под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН", ниже указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность государственного служащего по образцу, согласно приложению 2 к настоящему описанию служебного удостоверения.

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 х 4 см, текст на государственном языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения, заверенный подписью секретаря областного маслихата и гербовой печатью государственного учреждения.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на голубом фоне размером 3 х 4 см, под гербом надпись "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения. Ниже указывается срок действия удостоверения на государственном и русском языках.

  Приложение 1
к описанию служебного
удостоверения
государственного учреждения
"Аппарат Восточно-
Казахстанского
областного маслихата"

Обложка удостоверения



  Приложение 2
к описанию служебного
удостоверения
государственного учреждения
"Аппарат Восточно-
Казахстанского
областного маслихата"

Внутренняя часть удостоверения