Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/84-VI "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 40/462-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 7382 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/84-VI "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4828 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 11 "Дидар", 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 11 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады