Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 26.12.2017 № 25/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға және шығаруға тарифтерді бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3184 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы";
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтер бекітілсін.";
қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтер";
қосымшаның 4 бағанындағы тақырып келесі редакцияда жазылсын:
"Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығаруға бойынша қызметтердің тарифі, теңге".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Кикина |
Қалалық мәслихатының хатшысы | А. Абакумов |