Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 5434 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 43/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 25.04.2019 № 43/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

            Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1- бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14285 нөмірімен тіркелген) сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3184 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпандағы "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) "Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4519 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 тамызда электрондық түрде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы С. Коротин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25/7-VI шешіміне қосымша

Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

№ р/б Атауы Есеп айырысу бірлігі Тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинау, әкету және көму
қызметтерінің құны, теңге

1.

Жайлы үйлер

тұрғын/ айына

222

2.

Жайлы емес үйлер

тұрғын/ айына

283

3.

Заңды тұлғалар

м3

1 343


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады