Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қаңтарда № 3184 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 26.12.2017 № 25/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтер бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

М. Екібасова

Қалалық мәслихаттың хатшысы

А. Абакумов

  Қалалық мәслихаттың
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 25/5-V шешімімен бекітілді

Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтер

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/5-VI; өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/5-VI шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с №

Объектілер

Есептік бірлік

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығаруға бойынша қызметтердің тарифі, теңге

1.

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

156

2.

Жайлы емес үйлер

тұрғын/айына

199

3.

Заңды тұлғалар

м3

1021


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады