Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 28.05.2024 № 14/8-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңның 97 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3716 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурыздағы № 12 "Лениногорская правда" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрған үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
1 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № № 2314, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.";
5 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы үшін отбасы (азамат, немесе оның сенімхат бойынша өкілі) тоқсан сайын "Тұрғындарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - портал) өтінішпен жүгінеді. Тұрғын үй көмегі үшін мемлекеттік корпорацияға немесе порталға өтініш берген кезде "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 - тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі ұсынылады.";
22 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"22. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 9 % мөлшерiнде белгiленедi.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. ЗАМЯТИН |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |