"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабымен, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Нужных |
2024 жылғы 28 мамырдағы № 14/8-VIII шешіміне 1 қосымша |
|
Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 14/8-VIII шешіміне 1 қосымша |
Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Риддер қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (келесіде - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемдік шаралармен көзделген тұрғын үй алаңының нормативі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативі қолданылады.
5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
2024 жылғы 28 мамырдағы № 14/8-VIII шешіміне 2 қосымша |
|
Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 14/8-VIII шешіміне 2 қосымша |
Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3716 болып тіркелген).
2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 43/18-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4469 болып тіркелген).
3. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы №25/9-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-14-180).
4. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 36/3-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6289 болып тіркелген).
5. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 39/24-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6898 болып тіркелген).
6. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V "шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 маусымдағы № 43/2-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7197 болып тіркелген).
7. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/7-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8459).
8. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 20/4-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30197 болып тіркелген).
9. "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 2/16-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8847-16 болып тіркелген).