Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.05.2018 № 24/4-VІ шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1."Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 3566 болып тіркелген, 2014 жылғы 1-7 желтоқсанда № 44 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратуға келесі тарифтер бекітілсін:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Нұғымаров |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |