РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 1 наурыздағы №37 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұсақ қара малдардан сарып ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Ерназар және Морозовский лесхоз ауылдарының аумағында шектеу іс-шаралары орнатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерназар ауылдық | |
округінің әкімі | Р. Заденов |