Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Ерназар және Морозовский лесхоз ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ерназар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 "Бесқарағай тынысы" газетінің 2016 жылғы 27 сәуірде № 37 (1763) нөмірінде жарияланған, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 4490 тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерназар ауылдық округінің әкімі | Р. Заденов |