РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 807 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада № 5-8-118 тіркелді, аудандық "Пульс района" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 66, "Аудан тынысы" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 65 жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
Қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
Қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7-тармағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9- бабының 7, 8, 9-тармақтары, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2- тармағы негізінде Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Селихановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г.Акулов |