Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/13-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 378, 444 - баптарында белгіленген Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге ұлғайтылсын.
2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |