Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/13-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 5580 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 24/6-V Глубокое аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3252 болып тіркелген, 2014 жылы 6 мамырда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде, 2014 жылы 27 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/5-VІ Глубокое аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4794 болып тіркелген, 2017 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылы 27 қаңтарда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Г. Абильмажинова
      Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады