Пайдаланымайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4794 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/13-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/13-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 378, 444 - баптарында белгіленген Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге ұлғайтылсын.

      2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады