Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 15.11.2017 № 308 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлемінің мөлшері бала-бақшалар бөлінісінде осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылауын жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Сыдықов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 174 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата- аналардың ақы төлемінің мөлшері
Бала- бақша атауы | Бір айға шаққандағы қаржыландыру мөлшері (тенге) | Тәрбиеленушілердің саны (адам) | Бір айға бір тәрбиеленушіге орта есеп шығыны (тенге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір айға ата- аналардан төлемақысы (тенге) | |||||
Бала- бақша | Мектеп жанындағы кіші орталық | Бала- бақша | Мектеп жанындағы толық күнді кіші орталық | Бала- бақша | Мектеп жанындағы толық күнді кіші орталық | ||||
Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | ||||||
Жарма ауданы әкімдігінің "Алтынай" балалар бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орыны | 24 555 | - | - | - | 140 | - | 24 555 | - | 8500 |
Жарма ауданы әкімдігінің "Бастау" балалар бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орыны | 12 231 | 28 197 | - | - | 100 | - | 20 214 | - | 8500 |
Жарма ауданы әкімдігінің "Балауса" балалар бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орыны | 21 186 | - | - | - | 140 | - | 21 186 | - | 8500 |
"Ер- Дәурен" балалар бақшасы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) | 29 262 | - | - | - | 75 | - | 29 262 | - | 10 500 |
Жарма ауданы әкімдігінің "Айгөлек" балалар бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орыны | - | 20 128 | - | - | 140 | - | 20 128 | - | 8500 |
Жарма ауданы әкімдігінің "Ақбота" балалар бақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орыны | - | 19 500 | - | - | 75 | - | 19 500 | - | 8500 |
Мектеп жанындағы кіші орталықтар | - | - | 12 080 | - | - | 220 | - | 12 080 | 5000 |