Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4190 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінде 2015 жылы 18 қарашада №93 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы";
шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін";
шешімнің 2-қосымшасының:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері";
кестесінің №1 жолының атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері";
кестесінің №2 жолының атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифтері".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Булакпаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д.Ыдырышев |