Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қазанда № 4190 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2015 жылғы 28 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" №104 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3984 тіркелген) қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 06.06.2017 № 13-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
Д.Ыдырышев

  № 1 қосымша Зайсан аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
29 қыркүйектегі
№ 38-6/3 шешімімен бекітілген

Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

     №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептеу бірлігіне жылдық жиналу нормасы, м3

1

Үйлер: жайлы жайлы емес

1 тұрғын
1 тұрғын

1,35
2,0

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,5

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,7

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,24

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,18

6

Емханалар

1 адам

0,01

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,7

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отырғызу орны

0,03

9

Мектептер, орта оқу орындары, жоғару оқу орындары

1 оқушы

0,12

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отырғызу орны

0,14

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,002

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,07

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,10

14

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

0,46

15

Машиналарды сату

сауда орны 1 м2

-

16

Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,16

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,04

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

сауда алаңы 1 м2

0,16

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

сауда алаңы 1 м2

-

20

Тұрмыстық үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1м2

0,02

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,33

22

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,16

23

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,29

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,90

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,4

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

1,38

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техникалық жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,21

29

Зергелік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,19

30

Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету кілттер жасау және сол сияқтылар

1 жұмыс орны

-

31

Моншалар, сауыналар

жалпы алаңы 1 м2

0,40

32

Қала аумағындағы жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,80

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

2,03

  Қосымша № 2 Зайсан аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
29 қыркүйектегі № 38-6/3
шешімімен бекітілген

Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен; қосымшаға өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    №

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1

Жайлы үйлер     

1 тұрғын/айына

161

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифтері



2.1

Жеке тұлғалар

1 м3

644

2.2

Заңды тұлғалар

1 м3

1761


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады