Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 21.05.2020 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 – бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабының 2 –тармағына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және Зырян ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | А. Кәрімов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Зырян ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Г.Денисова |
09.03.2016 жыл
Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 66 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және Зырян ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
2) мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедектерге күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;
3) қарттарға және мүгедектерге күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;
2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшының орынбасары;
2) мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;
3) кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушісі;
4) барлық мамандықтар мұғалімдері;
5) аға тәрбиеші;
6) тәрбиеші;
7) шебер;
8) әдістемеші;
9) музыкалық жетекші;
10) көркемдік жетекші;
11) педагог-психолог;
12) логопед;
13) аға вожатый;
14) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
15) педагог – ұйымдастырушы;
16) кітапханашы;
17) медбике;
18) әлеуметтік педагог;
19) қосымша білім педагогы;
20) үйірме жетекшісі;
21) жаттықтырушы;
22) хореограф;
23) нұсқаушы;
24) саз жетекшісі;
25) зертханашы.
3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) аға мәдени ұйымдастырушы;
2) аға кітапханашы;
3) кітапханашы;
4) сүйемелдеуші;
5) мәдени-бос уақыт қызметі бойынша жұмысшы;
6) музыкалық оператор;
7) музыкалық жетекші;
8) мәдени ұйымдастырушы;
9) вокалдық топ жетекшісі;
10) хореограф;
11) бейнелеу студиясының жетекшісі;
12) студия жетекшісі;
13) үйірме жетекшісі;
14) топ жетекшісі;
15) концертмейстер;
16) бос уақыт ұйымдастырушы;
17) аға мәдени ұйымдастырушы;
18) бұқаралық шаралардың режиссері;
19) би ұжымының жетекшісі;
20) вокал студиясының жетекшісі;
21) хор жетекшісі;
22) дыбыс режиссері;
23) көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі;
24) халықтық ұжымының жетекшісі;
25) халықтық ансамблінің жетекшісі;
26) техникалық орындаушылар, соның ішінде дыбыс операторы.
4.Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:
1) ветеринарлық дәрігер, ветеринар пунктінің меңгерушісі;
2) ветеринарлық пунктінің ветеринар фельдшері;
3) ветеринарлық пунктінің ветеринар санитары.