Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 173 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 7131 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 15.01.2021 № 2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18–бабының 2) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі анықталсын.

      2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4477 тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 66 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов
      "КЕЛІСІЛДІ":
      Алтай ауданы
      мәслихатының хатшысы
      _______________ Л. Гречушникова

      "____"_________ 2020 жыл

  Алтай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 21 мамыры
№ 173 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті;

      2) мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедектерге күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;

      3) қарттарға және мүгедектерге күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

      2. Білім беру және спорт саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшының орынбасары;

      2) мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;

      3) кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушісі;

      4) барлық мамандықтар мұғалімдері;

      5) аға тәрбиеші;

      6) тәрбиеші;

      7) шебер;

      8) әдістемеші;

      9) музыкалық жетекші;

      10) көркемдік жетекші;

      11) педагог-психолог;

      12) логопед;

      13) аға вожатый;

      14) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;

      15) педагог – ұйымдастырушы;

      16) кітапханашы;

      17) медбике;

      18) әлеуметтік педагог;

      19) қосымша білім педагогы;

      20) жаттықтырушы мұғалімі;

      21) хореограф;

      22) нұсқаушы;

      23) саз жетекшісі;

      24) зертханашы.

      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      1) аға кітапханашы;

      2) кітапханашы;

      3) аға мәдени ұйымдастырушы;

      4) мәдени ұйымдастырушы;

      5) концертмейстер;

      6) сүйемелдеуші;

      7) хореограф;

      8) режиссер;

      9) бұқаралық шаралардың режиссері;

      10) дыбыс режиссері;

      11) дыбыс операторы;

      12) хор жетекшісі;

      13) музыкалық жетекші;

      14) вокалдық топ жетекшісі;

      15) бейнелеу студиясының жетекшісі;

      16) студия жетекшісі;

      17) үйірме жетекшісі;

      18) би ұжымының жетекшісі;

      19) вокал студиясының жетекшісі;

      20) хор жетекшісі;

      21) көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі;

      22) халықтық ұжымының жетекшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады