Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 133 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 4403 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Е. Құлқаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Қонысбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________ М. Құлшар
20.04.2016 жыл

  2016 жылғы 15 сәуірдегі № 133
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесі.

      1. Басқарушы персонал:
      денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, басшының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
      клиникалық (күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
      бөлімнің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық) басшысы; клиникалық (функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;
      дәріхананың (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі.
      2. Негізгі персонал:
      мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, провизор (фармацевт), зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), психолог маманы; фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тіс дәрігері (дантист), тіc технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, фармацевт, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, нұсқаушы-дезинфектор; логопед, әлеуметтік қызметкер.
      3. Әкімшілік персонал:
      арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері).
      4. Қосалқы персонал:
      мейіргердің көмекшісі.

2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.

      5. Басқарушы персонал:
      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор) және басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
      медициналық бөлімшенің меңгерушісі, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі.
      6. Негізгі персонал:
      мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, диеталық мейіргер, фельдшер, фармацевт (провизор), мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент), күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, зертханашы, әдіскер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік дене шынықтыру нұсқаушы (маман), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог, кітапханашы, тәрбиеші.
      7. Әкімшілік персонал:
      дәріхана меңгерушісі, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы).
      8. Қосалқы персонал:
      мейіргердің көмекшісі.

3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі.

      9. Басқарушы персонал:
      басшы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын білім беру ұйымы басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
      мектепке дейінгі ұйымның, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, әдістемелік кабинет, бөлім (кадр бөлімінің басшысынан басқасы), медициналық пункт, оқу-кеңес пункті, сектор басшысы (меңгерушісі).
      10. Негізгі персонал:
      мамандар: мектепке дейінгі ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінің, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру мекемелерінің барлық мамандық мұғалімдері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім ұйымдарының оқытушысы, мұғалім-дефектолог, дефектолог, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, логопед, АӘД ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, психолог, әлеуметтік педагог, әдіскер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, музыка жетекшісі, ұйымдастырушы педагог, қосымша білім беру педагогы, дене шынықтыру (емдеу) нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, аға тәлімгер, тәлімгер, аға шебер, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінің өндірістік оқыту шебері, еңбек нұсқаушысы, көлік жүргізу нұсқаушысы, оқытушы-жаттықтырушы, туризм жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандық дәрігерлері, медициналық мейіргер, емдәмбике.
      11. Әкімшілік персонал:
      лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапхана, жөндеу-техникалық шеберхана, музей басшысы (меңгерушісі), көркемдік жетекші, кітапханашы, суретші, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, концертмейстер.

4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.

      12. Басқарушы персонал:
      мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
      көркемдік жетекші, бас қор сақтаушы;
      бөлім, сектор, кітапхана басшысы (меңгерушісі).
      13. Негізгі персонал:
      мамандар: қор сақтаушы, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), экскурсовод, өнертанушы, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореграф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері, әкімші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор.
      14. Әкімшілік персонал:
      киномеханик, аранжировщик, барлық атаудағы техниктер.

5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.

      15. Басқарушы персонал:
      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа).
      16. Негізгі персонал:
      мамандар: спортшы-нұсқаушы, әдіскер, бас жаттықтырушы, жаттықтырушы, дәрігер, мейіргер.

6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласы мамандары лауазымдарының тізбесі.

      17. Негізгі персонал:
      мамандар: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 15 апреля 2016 года № 133. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 16 мая 2016 года № 4403. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 12 апреля 2019 года № 90

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 12.04.2019 № 90 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      Руководствуясь Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению настоящего постановления.
      2. Государственному учреждению "Управление экономики и бюджетного планирования Западно-Казахстанской области" (А. Е. Кулкаев) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Б. Т. Конысбаеву
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким области А. Кульгинов
      "СОГЛАСОВАНО"
Секретарь Западно-Казахстанского
областного маслихата
___________________ М. Кулшар
20.04.2016 год

  Приложение
к постановлению акимата
Западно-Казахстанской области
от 15 апреля 2016 года № 133

Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

1. Перечень должностей специалистов здравоохранения, работающих в сельской местности, финансируемых из местного бюджета.

      1. Управленческий персонал:
      руководитель, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия организации здравоохранения (за исключением заместителя руководителя по экономическим вопросам (главные экономисты), по административно-хозяйственной части, главного бухгалтера и заместителей главных бухгалтеров);
      заведующие клиническими (дневным стационаром, поликлиникой) и параклиническими подразделениями;
      руководители отдела (медицинской статистики, организационно-методического и статистического); заведующие клиническими (отделением функциональной диагностики, физиотерапии и лечебной физкультуры) и параклиническими (лабораторий) подразделениями;
      заведующий аптекой (отделом лекарственного обеспечения).
      2. Основной персонал:
      специалисты: врачи всех специальностей, медицинская (ий) сестра (брат), провизор (фармацевт), специалист лаборатории, специалист общественного здравоохранения (эпидемиолог, статистик, методист), специалист – психолог; фельдшер, акушер (ка), лаборант (медицинский), зубной врач (дантист), зубной техник (лаборант зубопротезного отделения, кабинета), ренгенолаборант, фармацевт, инструктор по лечебной физкультуре, диетическая сестра, медицинский регистратор, инструктор-дезинфектор, логопед, социальный работник.
      3. Административный персонал:
      руководители (заведующие) складом специального медицинского снабжения.
      4. Вспомогательный персонал:
      помощник медицинской (ого) сестры (брата).

2. Перечень должностей специалистов социального обеспечения, работающих в сельской местности, финансируемых из местного бюджета.

      5. Управленческий персонал:
      руководитель (директор) и заместитель руководителя (директора) государственного учреждения и государственного казенного предприятия организации социального обеспечения (за исключением заместителя руководителя по экономическим вопросам (главные экономисты), по административно-хозяйственной части, главного бухгалтера и заместителей главных бухгалтеров);
      заведующий медицинским отделением, отделением надомного обслуживания.
      6. Основной персонал:
      специалисты: учителя, врачи всех специальностей, диетическая сестра, фельдшер, фармацевт (провизор), медицинская (ий) сестра (брат), специалист (консультант, ассистент) по социальной работе, социальный работник по уходу, лаборант, методист, инструктор-методист по райттерапии (иппотерапии), инструктор по плаванию, инструктор (специалист) по лечебной физкультуре, инструктор по трудотерапии, психолог, логопед, дефектолог, библиотекарь, воспитатель.
      7. Административный персонал:
      заведующий аптекой, музыкальный руководитель, культорганизатор (организатор по массовой работе).
      8. Вспомогательный персонал:
      помощник медицинской (ого) сестры (брата).

3. Перечень должностей специалистов в области образования, работающих в сельской местности, финансируемых из местного бюджета.

      9. Управленческий персонал:
      руководитель, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия организации образования (за исключением заместителя руководителя по экономическим вопросам (главные экономисты), по административно-хозяйственной части, главного бухгалтера и заместителей главных бухгалтеров);
      руководитель (заведующий) дошкольной организации, кабинета психолого-педагогической коррекции, методического кабинета, отделом (кроме руководителя отделом кадров), медицинским пунктом, учебно-консультативным пунктом, сектором.
      10. Основной персонал:
      специалисты: учителя всех специальностей организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего образования, специальных (коррекционных) и специализированных организаций образования, преподаватель организации технического и профессионального, послесреднего образования, учитель-дефектолог, дефектолог, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, учитель-логопед, логопед, преподаватель-организатор НВП, педагог-психолог, психолог, социальный педагог, методист, старший воспитатель, воспитатель, музыкальный руководитель, педагог-организатор, педагог дополнительного образования, инструктор по (лечебной) физкультуре, инструктор по плаванию, старший вожатый, вожатый, старший мастер, мастер производственного обучения организаций технического и профессионального, послесреднего образования, инструктор по труду, инструктор по вождению, тренер-преподаватель, инструктор по туризму, врачи всех специальностей, медицинская (ий) сестра (брат), диетическая сестра.
      11. Административный персонал:
      руководитель (заведующий) лагерем, интернатом, мастерским, учебно-производственной мастерской, библиотекой, ремонтно-технической мастерской, музеем, художественный руководитель, библиотекарь, художник, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, концертмейстер.

4. Перечень должностей специалистов в области культуры работающих в сельской местности, финансируемых из местного бюджета.

      12. Управленческий персонал:
      руководитель, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия организации культуры (за исключением заместителя руководителя по экономическим вопросам (главные экономисты), по административно-хозяйственной части, главного бухгалтера и заместителей главных бухгалтеров);
      художественный руководитель, главный хранитель фондов;
      руководитель (заведующий) отдела, сектора, библиотекой.
      13. Основной персонал:
      специалисты: хранитель фондов, старший научный сотрудник, научный сотрудник, младший научный сотрудник, архивист по учету фондов музеев, историк (основных служб), экскурсовод, искусствовед, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореограф, аккомпаниатор, звукорежиссер, администратор (основных служб), культорганизатор, методист всех наименований (основных служб), концертмейстер, музыкальный руководитель, художники всех наименований (основных служб), библиотекарь, библиограф, редактор.
      14. Административный персонал:
      киномеханик, аранжировщик, техники всех наименований.

5. Перечень должностей специалистов в области спорта работающих в сельской местности, финансируемых из местного бюджета.

      15. Управленческий персонал:
      руководитель, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия (за исключением заместителя руководителя по экономическим вопросам (главные экономисты), по административно-хозяйственной части, главного бухгалтера и заместителей главных бухгалтеров).
      16. Основной персонал:
      специалисты: инструктор-спортсмен, методист, старший тренер, тренер, врач, медицинская (ий) сестра (брат).

6. Перечень должностей специалистов в области ветеринарии, работающих в сельской местности, финансируемых из местного бюджета.

      17. Основной персонал:
      специалисты: ветеринарный врач, ветеринарный фельдшер.