Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Е. Құлқаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Қонысбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |
"КЕЛІСІЛДІ" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы _______________ М. Құлшар 20.04.2016 жыл |
2016 жылғы 15 сәуірдегі № 133 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесі.
1. Басқарушы персонал:
денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, басшының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
клиникалық (күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
бөлімнің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық) басшысы; клиникалық (функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;
дәріхананың (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі.
2. Негізгі персонал:
мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, провизор (фармацевт), зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), психолог маманы; фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тіс дәрігері (дантист), тіc технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, фармацевт, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, нұсқаушы-дезинфектор; логопед, әлеуметтік қызметкер.
3. Әкімшілік персонал:
арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері).
4. Қосалқы персонал:
мейіргердің көмекшісі.
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.
5. Басқарушы персонал:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор) және басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
медициналық бөлімшенің меңгерушісі, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі.
6. Негізгі персонал:
мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, диеталық мейіргер, фельдшер, фармацевт (провизор), мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент), күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, зертханашы, әдіскер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік дене шынықтыру нұсқаушы (маман), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог, кітапханашы, тәрбиеші.
7. Әкімшілік персонал:
дәріхана меңгерушісі, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы).
8. Қосалқы персонал:
мейіргердің көмекшісі.
3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі.
9. Басқарушы персонал:
басшы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын білім беру ұйымы басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
мектепке дейінгі ұйымның, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, әдістемелік кабинет, бөлім (кадр бөлімінің басшысынан басқасы), медициналық пункт, оқу-кеңес пункті, сектор басшысы (меңгерушісі).
10. Негізгі персонал:
мамандар: мектепке дейінгі ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінің, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру мекемелерінің барлық мамандық мұғалімдері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім ұйымдарының оқытушысы, мұғалім-дефектолог, дефектолог, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, логопед, АӘД ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, психолог, әлеуметтік педагог, әдіскер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, музыка жетекшісі, ұйымдастырушы педагог, қосымша білім беру педагогы, дене шынықтыру (емдеу) нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, аға тәлімгер, тәлімгер, аға шебер, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінің өндірістік оқыту шебері, еңбек нұсқаушысы, көлік жүргізу нұсқаушысы, оқытушы-жаттықтырушы, туризм жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандық дәрігерлері, медициналық мейіргер, емдәмбике.
11. Әкімшілік персонал:
лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапхана, жөндеу-техникалық шеберхана, музей басшысы (меңгерушісі), көркемдік жетекші, кітапханашы, суретші, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, концертмейстер.
4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.
12. Басқарушы персонал:
мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);
көркемдік жетекші, бас қор сақтаушы;
бөлім, сектор, кітапхана басшысы (меңгерушісі).
13. Негізгі персонал:
мамандар: қор сақтаушы, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), экскурсовод, өнертанушы, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореграф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері, әкімші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор.
14. Әкімшілік персонал:
киномеханик, аранжировщик, барлық атаудағы техниктер.
5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.
15. Басқарушы персонал:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа).
16. Негізгі персонал:
мамандар: спортшы-нұсқаушы, әдіскер, бас жаттықтырушы, жаттықтырушы, дәрігер, мейіргер.
6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласы мамандары лауазымдарының тізбесі.
17. Негізгі персонал:
мамандар: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.