Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4244 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 8-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 15.10.2021 № 8-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 26-6 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3881 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Мұхтар
      Мәслихат хатшысы Д.Жақсыбаев

  Ақжайық аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 34-2 шешіміне қосымша

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде
оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшері

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 18.05.2016 № 3-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік - еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы болған жағдайда ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі.
      2. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі.
      3. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап облыстық психологиялық - дәрігерлік - педогогикалық кеңес беру мекемесінің қорытындысында (бұдан әрі - қорытынды) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі.
      4. Төлемдерді тоқтату келесі жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
      1) қорытындыда белгіленген мерзімнің аяқталуы;
      2) мүгедек баланың қайтыс болуы;
      3) мүгедектікті алып тастау;
      4) мүгедек баланың интернат үйі немесе санаториялық мектепте оқу кезеңінде.
      5. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 43-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақжайық ауданында тұрақты тұратын тұлғаларға уәкілетті органдармен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген алушының жеке есеп шотына аударылады.

3. Қорытынды ережелер

      Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 11 января 2016 года № 34-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 22 января 2016 года № 4244. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 октября 2021 года № 8-2

      Сноска. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15.10.2021 № 8-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу решение Акжаикского районного маслихата от 31 марта 2015 года № 26-6 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3881, опубликованное 21 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").
      3. Руководителю организационного отдела районного аппарата маслихата (Горбунова Т.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии М.Мухтар
      Секретарь маслихата Д.Джаксыбаев

  Приложение
к решению Акжаикского
районного маслихата
от 11 января 2016 года № 34-2

Правила и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

      Сноска. Правила - в редакции решения Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18.05.2016 № 3-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

1. Общие положения

      Настоящие Правила возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану (далее - Правила) определяют порядок возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану и разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и стандартом государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов", утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июня 2015 года № 11342) (далее - стандарт).

2. Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

      1. Возмещение затрат производится государственным учреждением "Акжаикский районный отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган) на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка - инвалида на дому, в размере трех месячных расчетных показателей ежемесячно.
      2. Возмещение затрат на обучение на дому (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей инвалидов независимо от дохода семьи.
      3. Возмещение затрат производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении областного учреждения психолого-медико-педагогической консультации (далее - заключение).
      4. Выплата прекращается с месяца, в котором наступили следующие обстоятельства:
      1) окончание срока, установленного в заключении;
      2) смерть ребенка-инвалида;
      3) снятие инвалидности;
      4) в период обучения ребенка-инвалида в доме интернате или санаторной школе.
      5. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов осуществляется согласно требованиям стандарта.
      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28.02.2020 № 43-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      6. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов предоставляется за счет средств местного бюджета постоянно проживающим лицам в Акжаикском районе и осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня за счет бюджетных средств на лицевые счета получателей.

3. Заключительные положения

      Все споры и разногласия, возникшие при назначении возмещения затрат на обучение на дому для детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.