Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 маусымда № 4443 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 8-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 15.10.2021 № 8-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасымен бекітілген мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С.Дошанова
      Мәслихат хатшысы С.Сиражев

  Ақжайық аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 3-2 шешіміне қосымша
  Ақжайық аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 34-2 шешіміне қосымша

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде
оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік - еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы болған жағдайда ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі.
      2. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі.
      3. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап облыстық психологиялық - дәрігерлік - педогогикалық кеңес беру мекемесінің қорытындысында (бұдан әрі - қорытынды) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі.
      4. Төлемдерді тоқтату келесі жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
      1) қорытындыда белгіленген мерзімнің аяқталуы;
      2) мүгедек баланың қайтыс болуы;
      3) мүгедектікті алып тастау;
      4) мүгедек баланың интернат үйі немесе санаториялық мектепте оқу кезеңінде.
      5. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу стандартқа және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 4030 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақжайық ауданында тұрақты тұратын тұлғаларға уәкілетті органдармен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген алушының жеке есеп шотына аударылады.

3. Қорытынды ережелер

      Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады