Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 4-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 4-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық аудандық маслихат хатшысы | С. Сиражев |
Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 8-2 шешіміне 1 – қосымша |
Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 4-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар қоса шығындарды өтеу қағидаларының 3 – қосымшасына сәйкес ұсынылады.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 12-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.
Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 8-2 шешіміне 2-қосымша |
1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 болып тіркелген);
2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-2 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4443 болып тіркелген);
3. Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 43-2 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6071 болып тіркелген).