Ескерту. Тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтін - өзгертілмейді Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің 20.07.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 144 ұсынысы негізінде және ұсақ малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің 20.07.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігінің ұсақ малында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтін - өзгертілмейді Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің 20.07.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
2. "Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С. Гайсин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтін - өзгертілмейді Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің 20.07.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімдігінің 20.07.2016 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Сарытоғай ауылдық округінің әкімі | А. Әлжан |