1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігінде ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі "Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4324 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Андешова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сарытоғай ауылдық округінің әкімі | А.Әлжан |