Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулыларына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 тіркелген, 2014 жылғы 15 наурыздағы "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
"11) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі–ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
14) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі–жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені.
15) үміткер – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам.";
8 - тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.";
10 - тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ШАК тағайындалатын тұлғалардың азық түлік қоржынынан аспайтын жан басына шаққанда орташа табысы болуы.";
мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма және облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмасы ретінде төленеді.
Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.".
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Арыстанбеков |
Мәслихат хатшысы | Е. Таңатов |
"КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________Б. Мәкен
2016 жылғы 19 ақпан