Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 230 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 4525 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 09.02.2017 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы", және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Аудан әкімдігінің "Казталов ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 тамыздағы № 174 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3089 тіркелген, 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Құтхожинге жүктелсiн.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н.Бекқайыр

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц освобожденных из мест лишения свободы и для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Постановление акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 28 июля 2016 года № 230. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 августа 2016 года № 4525. Утратило силу постановлением акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 9 февраля 2017 года № 22

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 09.02.2017 № 22 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест.
      2. Установить квоту рабочих мест для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере двух процентов от общей численности рабочих мест.
      3. Государственному учреждению "Казталовский районный отдел занятости и социальных программ" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления.
      4. Руководителю аппарата акима района (Берденов А.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      5. Признать утратившим силу постановление акимата района "Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан Казталовского района" от 17 августа 2012 года № 174 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3089, опубликованное 24 сентября 2012 года в газете "Ауыл айнасы").
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Н. Кутхожина.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района Н.Беккайыр