Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы", және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Аудан әкімдігінің "Казталов ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 тамыздағы № 174 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3089 тіркелген, 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Құтхожинге жүктелсiн.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Бекқайыр |